Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар қызымен түскен суретін көрсетіп, елді тәнті етті

Жақында босанған Тамара Асар сәбиімен түскен суретін жариялап, қазіргі жағдайы жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.

Әнші балалы болғаннан кейін, асқа деген тәбетінің одан әрі төмендеп кеткенін, бұл жағдайды аз да болса реттеу үшін алғаш рет далаға шыққанын айтты. 

"Менің бұрыннан тамаққа тәбетім төмен, қазір баламен үйде отырғасын6 тіпті тамаққа қарау төмендеп кеткесін, біз бүгін бірінші рет далаға таза ауаға шықтық…

Жан-жағыма алақтап, орманда келе жатқан адам сияқты қызық сезімде болдым. Қалың киініп алып, қорбаңдап, терлеп әлекке қалдым.
Ажар үйден шыққаннан пысылдап ұйықтаған күйі, үйге қайта кіргенше ұйықтады.

Қамбар мәз… Папасы мәз…

Дәрігерлердің айтуынша, жас босанған әйел үшін де, сәбиі үшін де босана салып, далаға шығу дұрыс әрі пайдалы дейді.
Ал сіздің ойыңызша қалай, далаға қырық күнді толтырып шыққан дұрыс па?" – деп оқырмандарының пікірін сұрады Тамара. 


"Ішпейді, шекпейді, қоқысты төгеді": Махаббат Мүсілім Тәуекелдің отбасында қандай екенін айтты


Желі қолданушыларының бір тобы қазақы ырымды ұстанып, 40 күн үйде отыру дұрыс екенін айтты. 

"41-ші күні шықтық өзіміз", "Қазақтың ырымы бойынша, 40 күнді сақтаған жөн, ана үшін де, бала үшін де, сөзден, сұқ көзден абай болғаны дұрыс", "Негізі 40 күнді толтырып шыққан дұрыс", – деп жазды олар. 

Алайда 40 күн үйде отыру өткеннің ісі екенін жеткізгендер де табылды. 

"Томик, мен барлық балаларымды 5 күнінен бастап далаға шығардым, жаз болсын, қыс болсын, аз-аздан серуендейтінмін. Үйде 40 күн отыру керек деген наным ертедегі көшпелі қазақтармен байланысты. Кішкентай сәбимен қайда шығасың? Біздің әжелеріміз киіз үйде отырған, қазір бәрі басқаша әрі жеңіл", – деп пікір білдірді оқырманның бірі. 
 

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 15 Қыркүйек, 2021 08:31
Талқылау