"Тамақтың бағасы өседі": Қызмет көрсету үшін төленетін 10% ақының алынуы қандай өзгерістерге әкеледі
Енді еліміздегі дәмханалар мен мейрамханаларда келушілерден қызмет көрсету үшін ақы алынбайды. Келушілер тамақтанатын жердің шартымен таныспаған жағдайда даяшыға қалған шайпұл мен депозиттер заңсыз болып саналады. Жаңа ережелер жақын арада енгізілетінін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтқан еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pexels.com
Алматылық мейрамханалардың бірі жаңашылдықтардың даяшы айлығына еш әсер етпейтінін айтты. Себебі мұндағы даяшылардың жалақысы бекітілген.
“Тұрақты жалақы 3 мың теңгеден және даяшылар әр қызмет көрсеткені үшін 6% алады. Біз үшін даяшылардың айлығы бірінші орында. Содан кейін ғана мейрамхананың 02,35 табысы даяшының айлығына еш әсер етпейді.
Мейрамхана және қонақүй бизнесі ұлттық қауымдастығының президенті бұл жаңашылдық туралы күні кеше білген және бұл өзгерістерге түбегейлі қарсы екенін жеткізді.
“Мәзірдегі "қызмет көрсету" туралы бәрі біледі және мәзірді оқи отырып, келушілер тағамдардың бағасымен де, қызмет көрсету ақысымен де келіседі. Егер олар қызмет көрсеткені үшін ақы алмаса, рестораторлар тағамдардың бағасын көтеретінін айтты. Тамақтың бағасы міндетті түрде өседі, жеткізуге тапсырыс берген адамдар бұл 10%-ды төлемейді. Тиісінше, егер қызмет көрсеткеніміз үшін ақы алмасақ, 10% тамақтың бағасына қосылады. Ал жеткізуге тапсырыс берген адамдар 10% артық төлейді”, – дейді "Horeca Kazakhstan" мейрамхана және қонақүй бизнесі кәсіпорындарының ұлттық қауымдастығының президенті Игорь Копайлов.
Бұған дейін Қазақстанда дәмхана мен мейрамханаларға қызмет көрсеткені үшін 10% ақы алуға тыйым салынатыны туралы жазған едік.