"Тамақты сырттан ішіп келемін": Айнұр Тұрсынбаева қандай ене екенін айтты
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ене мен келін тақырыбын қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Айтыс саласының маманы келінімен бірге тұрмайтынын журналист Ләйлә Сұлтанқызына айтып берді.
"Біз бірге тұрмаймыз. Ұлымнан бөлек тұрамын. Келініммен алғаш танысатын кезде ең бірінші құдаларым жақсы кісілер болса екен деген ойда болдым. Мен тура армандағандай Мадинаның ата-анасы өте таза адамдар. Мадинаға “Мен түнде келе жатқанда үйді жинап, есің шығып мамаға былай жасаймын десең, онда сенде еркіндік болмай қалады” деймін. Көп адам менімен келіспейтін шығар, әркім өз отбасында өзі біледі. Бекланның үйіне баратын болсам, тамақты көшеден ішіп келемін. "Келін, шай қайда? Неге шай бермейсің?" деген бізде жоқ. Ұйқың келіп тұр ма, ұйықтап ал деймін. Келін мынадай уақытта тұру керек деген заң жоқ. Адам өз қалағанынша өмір сүруі керек. Өз жұмыстары бар, бизнестері бар, балалары бар", — деді коуч-психолог.
-
"Қаралмаған жерім жоқ": Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы ана болғысы келетінін жасырмады
-
"Арабтың ақшасына қызығып отыр": Белгілі сынықшы Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты дабыл қақты
Одан кейін, психолог оңтүстік пен солтүстіктегілердің құдалығын да салыстырды.
"Құдаласу оңтүстікте өте өзекті ғой. Бізде оңтүстікте қандай дүние әкелді, қалың мал қанша болыпты? дегенді бірінші орынға қойып жатады. Біз Мадинаның ата-анасымен келісіп, құда-құдағи боламыз деген кезде Көкшетау жақта қалың мал деген мүлдем жоқ екен. Бірақ мен сіздерде қалың мал бар ма, жоқ па сіздер өз елдеріңіздің салт-дәстүрімен жасай беріңіз, біз өз еліміздің салт-дәстүрімен жасай береміз. Оңтүстікте қалың мал да беріледі, солай келістік. Оңтүстікте қалай жасалады, ал сіздерде солтүстікте қалай болады солай жасаңыздар дедік. Зат емес, адамды алып жатырмыз. "Оның құны мынадай, оған мынша әкелу" деген кішкене дұрыс емес дүние деп ойлаймын. "Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды" дейді. Өзіміздің жөн-жоралғыларды жасадық. Кейін құдағиға Бекланның өз үйі бар, шкаф анау-мынау керек емес дедім. "Мадинаға не керек, соны әкеліңіз" дедім. Сіз де еркін, мен де емін-еркін болайық дедім", — деді айтыскер ақын.
Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаева "Ажырасқансың" деп тойға шақырмайтын" деп жеке өміріндегі сәтсіздікті есіне алған еді.