"Тамақта тарақан толып жүр": Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде шу шықты (видео)
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы балабақшада түсірілген видео тарап, көпшіліктің ашуын туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеода балаларға берілген тамақта, бәліш пен басқа да тағамдардың арасында тарақандар жүргені байқалады.
Осыған байланысты Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы пікір білдірді.
"Басқарма мамандарымен аталған балабақшаға тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінде жоспардан тыс тексеру тіркелді. Тексерудің қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады", – делінген хабарламада.
Желідегілер "Сұмдық қой мынау, сол үшін анда-санда айтпай барып тексеру керек", "Құдай сақтасын, бұл қай балабақша екен, немерелерім балабақшаға барушы еді, шошып кеттім ғой, сұмдық қой мынау", "Кұрт, тарақан, соңғы фото енді адам сенгісіз. Бәрін тексеру керек, жалмаңдап ақшаны алғанда қандай", "Сұмдық қой мынау, менің иттерім жақсы тамақ ішеді ғой" деп жазды.

"Екі күйеу жігіттің де есімі – Нұрсұлтан": Алматылық әпкелі-сіңлі бір күнде ұзатылып, ерекше той жасады
