AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"TALQYLAU" партиялық алаңында сарапшылар референдум туралы ойларын ортаға салды

"AMANAT" партиясының Орталық аппаратында Қоғамдық саясат институтының базасында іске қосылған "TALQYLAU" диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Ашық пікірталас барысында сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары алдағы жалпыұлттық референдумның маңызын талқылады.

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға енгізу үшін ұсынылып отырған түзетулер Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтары – ашықтық пен демократияға табан тірейтінін жеткізді.

"Конституциялық реформа Ата Заңға түзетулер енгізумен шектелмейді. Алдағы уақытта Парламент бірқатар жаңа заң қабылдап, қолданыстағы кейбір заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасады. Жаңғырудың мақсаты – ашық, теңгерімді, демократиялық саяси жүйе және бәсекеге қабілетті, әділ, сыбайлас жемқорлықсыз экономикалық орта құру. Сондықтан азаматтарымыздың 5 маусым күні референдумге белсенді қатысып, Жаңа Қазақстан үшін дауыс беруі аса маңызды", деді Сенат спикері.

Өз кезегінде "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов ұсынылған түзетулерге дауыс бере отырып, қазақстандықтар "Екінші Республика" үшін құқықтық негіз қамтамасыз ететінін атап өтті.  

"Конституциялық реформа және бүкілхалықтық референдум өткізу Қазақстанның әділдік орнаған ел болуға бетбұрғанына азаматтардың сенімін оятты. Біздің партиямыз – Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі. Сондықтан аманаттықтар бүкіл ел аумағында конституциялық түзетулерді түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысты. Өңірлерде халықпен кездесе отырып, біз қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық қана емес, қоғамдық-саяси салалардағы өзгерістерге де үлкен сұранысы бар екеніне тағы да көз жеткіздік", деп атап өтті Асхат Оралов.

Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаеваның пікірінше, референдумның басты мақсаты – ел болашағына қатысты мәселелерді шешуге әрбір азаматтың атсалысуына мүмкіндік беру. 

"Мен – кез келген өзгерістер мен реформалардың сыншысы болатын азаматтық сектордың өкілімін. Бірақ қазір азаматтық қоғам адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын күшейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, Конституциялық сот құру бөлігіндегі түзетулерді толық қолдайды. Біз халықпен кездесулерде міндетті түрде өз құқын пайдаланып, референдумға қатысу керек екенін айтамыз", – деді Ләззат Қалтаева.

ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, ұсынылып отырған түзетулер саяси жүйені терең өзгертуге, қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени қатынастарды жаңартуға бағытталған.

"Іс жүзінде бұл түзетулер кешені Қазақстанда қоғамның жаңа моделін құруға мүмкіндік береді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қуатты тетіктер жасалады. Бұл еліміздің бүкіл халқының қалауы деп ойлаймын", деді Зәуреш Баймолдина.

"QAZAQSTAN" Ұлттық телеарнасының бас продюсері Мақсат Толықбай әлеуметтік әділетті мемлекет ұрандарға негізделе алмайтынын, оны заң жүзінде бекіту керек екенін атап өтті.

"Бәріміз өзгерісті қалаймыз, бірақ әркім өзінен бастау керек. Алғашында түзетулердің мәнін бәрі бірдей түсінбеді. Бірақ ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Енді өз елі, балаларының болашағы үшін алаңдайтын әрбір адам міндетті түрде сайлау учаскесіне барып, өз дауысын береді", деп есептейді журналист.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевтің пікірінше, референдум – бұл сайлау мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік деңгейі тұрғысынан бүкіл қоғамымыз үшін жақсы сынақ әрі сабақ.

"Дегенмен ең бастысы, өзгерістер біржақты тәртіпте тек биліктен болмайды. Тиісінше, халық үдерістерге белсенді араласуы керек. Өйткені елдің өмірін бір жағынан ғана жақсарту мүмкін емес, бұл – әрбір азаматқа қатысты іс", деп атап өтті Талғат Қалиев.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова "TALQYLAU" диалог алаңы өте өзекті екенін және ол конституциялық нормаларды қоғамның қалай қабылдайтынын түсінуге көмектесетінін айтты. 

 "Мен алғашқы референдумға қатыстым. Ол кезде еліміз енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізіп, қоғам жаңа Конституцияны оң қабылдады. Қазіргі реформалар бүгінгі жағдайларға жедел жауап беру керек екенін көрсетті және халық оның маңыздылығын түсінеді деп ойлаймын", деді Наталья Калашникова.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, "TALQYLAU" алаңының модераторы Саясат Нұрбек, "халықтың жартысынан көбі – тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген, құндылықтары мүлдем басқа ұрпақ. Бірақ дәл қазір бәріміз бірігіп, ортақ болашақ үшін референдумды қолдап, конституциялық өзгерістер үшін дауыс беруіміз керек", – дегенді айтты.

Еске сала кетейік, "TALQYLAU" диалог алаңын құру бастамасы "AMANAT" партиясының 1 наурызда өткен кезектен тыс Съезінде партиялық трансформация бағдарламасы тармақтарының бірі ретінде көтерілген болатын. Алаңда сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жөніде ұсыныстар әзірлеу үшін тұрақты түрде кездесіп отырады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр