Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таллинде Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі орнатылды

Таллиндегі Кадриорг паркінде Димаш Құдайбергеннің құрметіне отырғызылған ағашқа ескерткіш белгі орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның Эстониядағы елшілігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстанның Эстониядағы елшісі Нұрлан Сейтімов қатысты.

Осы акцияны ұйымдастырушы "Dimash Estonian Dears" фан-клубының мүшелері - 300 жылдық тарихы бар бұл саябақ өздерінің сүйікті әншісінің әндерін тыңдай алады деген үміт білдірді", - делінген елшіліктің хабарламасында.

Эстониядағы Димаш фан-клубында елдің әр түкпірінен 500-ден астам адам бар.

Бұдан бір күн бұрын 24 мамыр Димаш Құдайберген 26 жасқа толды.

Талқылау