Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәліптер көлікте музыка тыңдауға және хиджабсыз әйелдерді көлікке отырғызуға тыйым салды

Ауғанстанда билік басына келген "Талибан" радикалды қозғалысы көлікте музыка тыңдауға тыйым салды. Сонымен қатар көлік ішінде отырған әйелдерге қатысты да бірнеше тыйымдар енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап. 

Тәліптер

Билік жариялаған хатта хиджабсыз әйелдердің көлікке және ұшақ бортына отырғызылмайтыны жазылған. 

Хиджабтың қандай болу керегі нақты белгіленбеген. "Талибан" ұйымында хиджаб деп шаш пен мойынды жауып тұратын жамылғыны емес, бастан аяққа дейін толығымен жабатын жамылғыны атайды. 

Қаулыда көрсетілгендей, ер адамсыз көлікке мінген әйелдерді 45 мильден (72 шақырым) артық қашықтыққа апаруға болмайды. Сонымен қатар тәліптер көлік жүргізушілерін намаз оқу үшін үзіліс жасауға шақырады. 

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанда билікті тамыз айында жаулап алған. Бүгінгі күнге дейін оларды бірде-бір ел мойындаған жоқ. Бастапқыда әйел құқығын шектемеуге уәде берген олар бірден бірнеше тыйымдар енгізді. Мысалы, әйелдердің көпшілігі енді бұрынғы қызметтеріне орала алмайды. Елде қыздарға арналған орта мектептердің басым бөлігі жабылған. Ал өз құқығын қорғауға шыққан нәзік жандылар қозғалысы жаппай басып жаншылды. 

Айта кетейік, бұған дейін тәліптер дәрігерлерге әйелдерді ер адамның бақылауынсыз қабылдауға тыйым салған еді. 

Талқылау