Тәліптер Ауғанстандағы әйелдерге қатысты жаңа талап шығарды
"Талибан"* радикалды ұйымы әйедерді сабақ кезінде бүкіл денені жабатын ұзын дәстүрлі көйлек абайи және көзге арналған ойығы бар бетті толығымен жауып тұратын никабтарды киіп жүруге міндеттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AFP дереккөзіне сілтеме жасап.
Өзгерістер жалпы білім беру жүйесінде де орын алды. Осылайша, әйелдер мен ерлер үшін дәрістер бөлек сыныптарда өтетін болады.
Сонымен қатар ер жынысты және әйел жынысты оқушылар сабақтар арасындағы үзіліс уақытында және оқу орнына кіру мен шығу кезінде бір-бірімен ұшыраспауы қажет.
Тәліптер Ауғанстан аймағында ауаға оқ атуға тыйым салды
Әйелдерге арналған сабақтарды әйел мұғалімдер немесе егде жастағы "өзін-өзі жақсы қырынан көрсеткен" ер адамдар өте алады.
Бұған дейін тәліптер Ауғанстанда аспанға оқ атуға, сондай-ақ қоғамдық орындарда музыканың орындалуы мен қойылуына тыйым салған болатын.
"Талибан"* – Қазақстан тыйым салынған террористік ұйым.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”