Тәліптер Ауғанстанда үйлену тойына жиналғандарды музыка қосқаны үшін атып тастады
Ауғанстанда "Талибан" радикалды ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) мүшелері тойға шабуыл жасады. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шабуыл Нангархар провинциясының Шамшпур Мар Гунди ауылында болды. Кешкі уақытта өткен үйлену тойы кезінде музыка қосылған. Тәліптер осы себеп шабуыл жасаған.
Дереккөздің мәліметінше, екі адам қаза тауып, он адам жараланған.
Радикалды қозғалыс өкілдері шабуыл фактісін растап, олардың мерекелік шараға қатысушыларға шабуыл жасағанын, екеуі ұсталғанын атап өтті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”