"Талибан" ұйымы барлық елдермен достық қатынас орнатуды қалайтынын жеткізді
"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілдері басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатуға ниетті екендіктерін тағы да жариялады, мұнымен қоса олар өздерінің "ұстанымдары мен тәуелсіздігіне" қарсы қауіпке төзбейтінін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Басқа елдердің Ауғанстанның ішкі саясатына қайта араласу жағдайында тәліптер оларға қарсы көтеріледі. Сондай-ақ радикалды топ халықаралық қауымдастықты ислам республикасын қолдауға және оның экономикасын нығайтуға көмектесуге шақырды.
"Біз жақсы қарым-қатынасты, экономиканы, сауданы және дипломатияны қалаймыз. Сонымен қатар біз өз құндылықтарымызды құрметтеуге де шақырамыз. Әлем бізден қорықпауы қажет. Бізді мойындау керек. Біз әлемдегі барлық елдермен достық қарым-қатынас орнатқымыз келеді", – деді "Талибан" қозғалысының өкілі Забихулла Муджахид.
Бұл уақытта Кабул әуежайында шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда. Ұшақтар сағат сайын ұшып келуде және қайта ұшуда. Әуе айлағында нағыз дүрбелең орнаған. Reuters агенттігі кейбір ауғандықтардың өмірін сақтап қалу үшін балаларын қоршау арқылы американдық әскерге табыстап жатқан бейнежазбасын жариялады.
- СІМ: Ауғанстан азаматтары елден кету үшін өздерін этникалық қазақпыз деп таныстыруда
- Тәліптер ұлттық туды қолдап митингке шыққандарға оқ жаудырды
- "Талибан" қозғалысы: Ауғанстанды басып алған тәліптер кімдер
Ал елден ұшып кеткендер басқа елдерді бетке алуда. Осылай эвакуацияланған кейбір адамдар Ташкент арқылы Германияның Бранденбург қаласына жеткізілді. Германия билігі соңғы бірнеше күн ішінде мыңға жуық ауған босқындарын қабылдады.
Бұл арада Ауғанстанда "Талибан" ұйымы билік басына келгеннен кейін рейтингі айтарлықтай төмендеген Джо Байден әртүрлі террористік топтардың бұл елге қайта оралуы үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.
АҚШ президенті, сонымен қатар Ауғанстандағы әйелдердің құқықтарына қарсы "дипломатиялық және халықаралық қысыммен" күресу керектігін атап өтті.
"Менің ойымша, олар халықаралық қауымдастықтың оларды заңды үкімет ретінде танығанын қалайтынына байланысты ішкі дағдарысты бастан кешуде. Мен бұлай екеніне сенімді емеспін. Бірақ олар сонымен қоса ақша табу мен ел экономикасын жүргізуі үшін өздерінде өндіріс, табыс көздері бар ма деген ойда жүр", – деді АҚШ президенті Джо Байден.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
