Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талибан террористік ұйымы Ауғанстанның үлкен қаласын басып алғанын мәлімдеді

Радикалды ауған Талибан қозғалысының содырлары (террористік ұйым) Ауғанстанның екінші үлкен қаласы Кандагарды басып алғанын жариялады. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Бұл тарихи сәт. "Талибан" содырлары 20 жыл ішінде алғаш рет Кандагар орталығында", – деп жазды журналист Асфандийяр Бхиттани Twitter-де. Ол қалада жүрген қарулы содырлардың видеосын жариялады.

11 тамызда талибандықтар Кандагар қаласындағы түрмені басып алып, ондағы жүздеген қылмыскерлерді босатқан. Сол күні содырлар ауған әскери қызметшілерін тазартуды жариялағаны белгілі болды. Олар жергілікті тұрғындарды "шариғат бойынша жазаны" қолданамын деп қорқытып, паналаған әскерлерді ұстап беруді талап еткен көрінеді. 

Еуропалық Одақтың пікірінше, Талибан ел аумағының 65% - ын иелік етеді. Содырлардың сойқаны күн өткен сайын Кабулға жақындай түсуде. Ал АҚШ үкіметінің дереккөздері астананың құлауына бір немесе үш ай қалды дейді. Ауғанстаннан американдық әскерлер кете бастағаннан кейін Талибан шабуылды күшейтті. Сарапшылардың пікірінше, бұл елдің әскери - әуе күштерінің жұмысын тоқтатты. олардың қызметкерлерінің 80% - ы, соның ішінде техникалық қызметкерлер шетелдік әскерилер еді.

Сейсенбі күні кешке президент Джо Байден әскерлердің шығарылуына өкінбейтінін айтты.

"Біз 20 жыл ішінде триллионнан астам доллар жұмсадық, ауған қауіпсіздік күштерінің 300 мың қызметкерін оқытып, заманауи қару-жарақпен жабдықтадық. Біз мыңдаған адамды жоғалттық. Олар күресуі керек. Олар талибанға өарағанда көп", – дейді байден.

Әскери сарапшылар егер үкімет күштері жеңілсе, Ауғанстан халықаралық терроризмнің жаңа базасына айналуы мүмкін екенін айтады. Тіпті  Еуропаға да соққы беру үшін қолданылатынын ескертті. Бұл, әсіресе, қақтығыс нәтижесінде ел екіге бөлінсе болуы мүмкін.

Жанна Мәлік
Жұма, 13 Тамыз, 2021 15:41
Талқылау