Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше тарап шағымданды: Сот "Тальгода" әйел зорлау ісін қайта қарайды

Қостанай облыстық соты «Тальго» пойызында әйел зорлау оқиғасына қатысты апелляциялық шағымды қарастырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

тальго

Судья Асламбек Мергалиев шешімді оқыды. Бірінші инстанция үкімі күшін жоғалтты. Заң бұзушылықтарды реттеу және тергеуді соңына дейін жеткізу үшін прокуратураға қайтарылды. 

Процестің өзі секілді шағымды қарау да жабық режимде өтті. Апелляциялық шағымды бірнеше тарап берді: бұл Қостанай транспорттық прокуратура, сотталған Қ. шағымы, сотталғандар мен жәбірленушінің адвокаттары. 

Осы уақытқа дейін Қостанайдың №2 соты Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовты «Тальгода» әйел зорлады деп айыптап, оларды 2,6 жылға бас бостандығынан айырған еді.  

Жәбірленуші тарап максималды мерзім беруді, ал прокурор колонияға 6 жылға жабуды сұрады. Сотталғандар өз кінәсін соңына дейін мойындамада, жағдайдың екі тарап келісімімен болғанын айтты. Судья Оразбай Сатыбалды жазаны қатаңдатуға негіз жоқ екенін, керісінше екеуінің осы күнге дейін істі болып көрмеуі мен біреуінің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласының бары себеп болғанын айтты. 

Талқылау