Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болып, үздік үштіктен көрінді. 60 келіге дейінгі салмақта Орынбасар жұбаныш айналымында италиялық Винченцо Манферлоттиді таза жеңіп, қола жүлде үшін белдесуде Әзербайжаннан келген Низами Имрановтан басым түсті. Осылайша отандасымыз Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Айта кетейік, 66 келіге дейінгі салмақтағы Мағжан Әлжановтың да үшінші орынға таласуға мүмкіндігі болған еді. Алайда ол жұбаныш айналымында қарсыласы италиялық Алессио Де Лукеге есе жіберді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”