Талғат Мұхтаров жаңа қызметке тағайындалды
Еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің басшысы Талғат Мұхтаров қызметінен босатылды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
Тиісті хабарлама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысының Twitter-інде пайда болды.
Үкібайдың айтуынша, жұмыстан шығарылуға Талғат Сәбитұлының басқа жұмысқа ауысуы себеп болған.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Талғат Мұхтаровты 2019 жылдың сәуірінде тағайындады.
Ақорданың хабарлауынша, бүгін, 16 қаңтарда Мұхтаров Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық ауыс-түйістер туралы айтылған болатын. Онда басшылық ауысып, орынбасарлардың бірі де қызметінен босатылды. Қазір басқарма басшысы - Қалмұханбет Қасымов.
Сонымен қатар, Әнуар Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ, президенттің жарлығында Садықұлов «А» арнайы мақсаттағы қызмет директоры қызметін атқаратын болады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
