Талғат Момышев экология министрінің орынбасары болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист.
1994-1996 жж. — қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры. 1997-1998 жж. — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.
Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді. 1998-1999 жж. — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.
1999-2000 жж. — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы. 2000 ж. — "Метрология" РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, "Ұлттық аккредиттеу орталығы" АҚ директорының бірінші орынбасары. 2000-2005 жж. — "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы. 2005-2010 жж. — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.
2010-2014 жж. — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2014-2016 жж. — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2016-2018 жж. — Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2018-2019 жж. — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2019-2021 жж. — Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. 2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
