Талғат Ермегияевтің түрмеде жүрген кезінде түсірілген видеосы пайда болды
Әлеуметтік желіде Талғат Ермегияевтің түрмедегі видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кадрлардан оның бокстасып жатқанын көруге болады.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (ҚАЖД) бейнежазбаға түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, видео 2019 жылы Алматы облысы ҚАЖ мекемесі жасақтарының бірінде түсірілген.
"Видеодағы адамдар 2021 жылдан бері бір-бірінен бөлек камерада орналасқан. Кейінірек олардың бірі колониядан босап шықты", – деді ведомство өкілдері.
ҚАЖД мәліметінше, 2021 жылдың наурызында мекемедегі тінту іс-шаралары барысында спорттық құрал-жабдықтар тәркіленді.
"2022 жылы 29 наурызда осы видеоның тарауына байланысты сотталғандар жазасын өтеп жатқан камераларды аралап шықты - қандай да бір тыйым салынған заттар табылған жоқ. Анық-қанығын білу үшін қызметтік тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады", – делінген Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
