Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Ермегияевтің қымбат автокөліктері сатылымға шығарылды

“ЭКСПО-2017” “ҰҚ” АҚ бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтің төрт бірдей шетелдік қымбат көліктері сатылымға шығарылды. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

069b5388cb2a50c8d9b32a5e0e90ae49-big

Фото: Forbes.kz

Бұл туралы Newtimes.kz хабарлайды.

Саудаға ұлттық компанияның экс-басшысының төрт автокөлігі ілінген. Олар:

2014 жылы шыққан Lexus LX 570. Бағалау құны: 19 466 000 теңге.

2010 жылы шыққан Lexus LX 570. Бағалау құны: 12 569 000 теңге.

2011 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 200. Бағалау құны: 11 301 000 теңге.

2009 жылы шыққан Mercedes-Benz 500S. Бағаалау құны: 8 795 000 теңге.

Көліктерді мемлекеттік заңды тұлғалар иелене алады. Сауда 22 желтоқсаннан басталады.

Еске сала кетсек, 14 жылға бас бостандығынан айырылған Талғат Ермегияев қазір жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді (видео)

Туыстары Әблязовтың бостандыққа шыққанын айтып сүйінші сұрады

Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе? (видео)

Бекболат Тілеухан министрден Facebook желісін ауыздықтауды сұрады

Талқылау