Талғардағы Шерзаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған ІІМ орынбасары енді көлік полициясын басқарады
Шерзат Полаттың өлімінен кейінгі шудан соң қызметінен босатылған бұрынғы вице-министр Айдос Рысбаев көлік полициясы қызметіне ішкі істер министрінің бұйрығымен келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ІІМ
Айдос Рысбаевты ІІМ президент әкімшілігімен келісе отырып, көлік полициясы басқармасының басшысы етіп тағайындады.
"Айдос Рысбаевтың басқарушылық тәжірибесі бар, ол бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Рысбаевта бөлімшені тиімді басқаруға қажетті қасиеттер бар", – делінген хабарламада.
Рысбаев ішкі істер министрінің орынбасары қызметін бар болғаны 11 ай атқарып, 18 қазанда босатылды. Ол қауіпсіздік күштеріндегі жаппай кадрлық ауыс-түйіс кезінде жұмыстан шығарылғандардың бірі болды.
Айдос Рысбаевтың кетуі Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты жанжалмен тұспа-тұс келді.
Айта кетейік, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Бұдан кейін Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры, полиция басшысы лауазымынан босатылған еді. Шерзаттың ата-анасы әкімдік пен аудандағы құзырлы орган басшыларының қызметінен кетуін талап етті. Осыдан соң Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген": Қазақстандық азамат ИП-сін жалға беріп, алаяқтардың құрбаны болды
