Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылды
Алматы облысының прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Gov.kz
Ақпаратты Бас прокуратура мәлімдеді.
“Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Марқұмның ата-анасы әкімдік пен аудандағы құзырлы орган басшыларының қызметінен кетуін талап етті. Осыдан соң Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар