Талғардағы мектептің дәретханасы желі қолданушыларын шошытты
Әлеуметтік желілерде Талғардағы мектептердің бірінде кабиналарда есігі жоқ дәретхананың видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"36-шы мектептегі әжетханада есік жоқ деп жазып жатыр. Белгілі бір себептермен алып тастаған. Мектеп әкімшілігі қандай пікір айтады екен?" деп жазылған жазбада.
Видео желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
Аталмыш жағдайға Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, қазір дәретханадағы барлық есіктер қалпына келтірілді, ал әлеуметтік желілерде наразылық тудырған фотосуреттер ұлдарға арналған дәретханадағы есіктерді ауыстыру кезінде түсірілген.
"Қазіргі уақытта дәретханадағы барлық есіктер қалпына келтірілді. Мектепте 28 дәретхана бар, оның 14-і қыздарға, 14-і ұлдарға арналған дәретхана", – деп хабарлады әкімдік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”