Талғарда уақытша ұстау изоляторының басшысы күдіктінің қашуына байланысты қызметінен босатылды
Талғардағы уақытша ұстау изоляторының басшысы мен қызметкері полиция қызметінен босатылды. Олар туыс қарындағыс зорлады деген күдікке ілінген Бекарыс Қалмырзаевтың қашуына жол бергені үшін жазаланды. Алматы облысының полициясы күдіктіні бірнеше күн бойы іздестірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Алматы облысы полиция департаменті
Мәліметтерге сенсек, Талғар аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 371-бабы ("Мемлекеттік немесе құқық қорғау органының басшысының қызметтегі әрекетсіздігі") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Бұл қылмыстық іс аясында қызметкерлердің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, қызметтік тексеру нәтижесінде 12 қызметкер қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде уақытша ұстау изоляторының басшысы мен жауапты қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылды", – делінген ішкі министрлігінің жауабында.
Бұдан бөлек, күдікті Бекарыс Қалмырзаевтың қашу фактісі бойынша да Қылмыстық кодекстің 426-бабы "Қамаудан, тұтқыннан немесе күзеттен қашу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: Алматы облысы полиция департаменті
Еске салайық, бұған дейін Талғарда 26 жастағы жігіт өз жиен қарындасын зорлағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қашқын күдікті Тереңқара ауылында тұрып, оның қашып кетуі 17:00-де тіркелген. Күдікті қашу кезінде қара киім мен аяқ киім киген. Оған қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұрын да осындай жағдайлар болған, бірақ полиция қашу мән-жайын түсіндіре алмай отыр.