Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Париж олимпиадасының қатысушысы Айдос Сұлтанғали Арменияда өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UWW
Грек-рим күресінен әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Айдос Сұлтанғали Армения астанасы Ереванда әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде үздік үштіктен көрінді. 60 келіде белдескен балуанымыз жартылай финалға дейін еркін жеткен. Бірақ ақтық сынға жолдама беретін белдесуде қарсыласына есе жіберіп, алтын үшін белдесу мүмкіндігінен айырылды. Дегенмен кіші финалда колумбиялық балуанды айқын басымдықпен жеңіп, “классиктер” қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Мейіржан Әшіровтің 70 келіде алтыннан алқа таққанын жазған едік.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"

