Талғарда аудандық полиция ғимараты өртенді (видео)
Алматы облысы Талғар аудандық полиция ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
видеодан скриншот
Желіде таралған видеода ғимараттың бір жақ шетінен қою қара түнін шығып жатқаны, нысан терезелері сынғаны байқалады.
Облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, өрт 12 ақпанда сағат шамамен 14:55-те Талғар ауданының әкімшілік полиция ғимаратының қызметтік кабинеттерінің бірінде болған.
"Жергілікті өртке қарсы қызмет бөлімшелері өртті 25 минут ішінде ауыздықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Қызметтік құжаттар бүлінбеді", – деді полицияда.
Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы делінді. Өрт салдары жұмыс тәртібінде жойылатыны хабарланды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”