Талғар қаласына жаңа әкім сайланды
15 желтоқсанда Талғар қаласына жаңа әкім сайланды. Сайлау нәтижесінде Арыстанбек Абилхаирұлы жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімдік ақпаратынша, 15 желтоқсанда Талғар ауданы Талғар қаласы әкімін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізілді. Дауыс беруге 12 875 сайлаушы қатысты.
Сайлау қорытындысы бойынша мынадай нәтиже тіркелген: Арыстанбек Абилхаирұлы сайлаушылардың 9071 даусына ие болған. Каденов Жәнібек Жанболатұлына 1875 дауыс берілді. Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы үшін 1140 сайлаушы дауыс берді.
"Барлығына қарсы" белгісі бар бюллетеньдер саны – 182. Сайлау қорытындысымен Талғар қаласының әкімі болып Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды.
Ол 1983 жылы туған, "Талғар тұрғын үй" ЖШС -нің директоры, Талғар қаласының тұрғыны.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті