Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғар ауданында оқушыларды тасымалдайтын мектеп автобусы батпаққа батып қалды (видео)

Талғар ауданы Қызылту ауылының Көкжиек көшесінде мектеп автобусы батпаққа батып қалған. Мектеп оқушыларын тасымалдайтын америкалық үлгідегі автобусты батып кеткен жерінен ауыл тұрғындары шығаруға көмектескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бейнеден алынды

Аудандық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің ақпаратынша, бұл көшеге жақында су құбыры жүргізілген. Сол себепті автобус жолда тұрып қалған. Қазіргі таңда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құм аралас тас төселіп жатыр.

"2023 жылғы 21 қыркүйектегі Esentaiinfo телеграм-каналында жариялауға қатысты: "Талғар ауданының ТКШ, автожолдар, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ ақпаратына сәйкес, 2023 жылғы 20 қыркүйекте Қызылту ауылының Көкжиек көшесінде (гравийное көшесінің негізі) су құбырын тарту жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты мектеп автобусы осы көшеде тоқтап, жүре алмай қалды. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін балласт пен құм-қиыршықты тас қоспасын құю жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе аудан әкімдігінің бақылауында", - делінген хабарламада. 

 

Талқылау