Әркімнің де тұрғысы келетін ағаш үстіне салынған ерекше үйлер
Талға жабыстырып салынған мына шағын үйлер, бізді табиғатқа жақындата түседі. Бұл көріністер бізді адамдар алғаш пайда болып терімшілікпен айналысқан, табиғатпен етене үндесіп өмір кешкен, жан-жағының бәрін жабайы пейзаж қоршаған дәуірге оралтатындай.
Бұл туралы adme.ru хабарлайды
Даниялық студент-архитектор Конрад Вохсик қаланың маңына өзгеріс әкелу үшін, осындай үйдің жобасын ойлап тапқан. Үйдің дизайны мен құрылысы ерекше. Сырты түрлі жан-жануарлардың кіріп кетуінен қорғалып, арнайы жабынмен қапталған.
Мускока өзенінің ағаштары арасындағы үй. Канада
Мускока өзені жағалауында орналасқан “Төрт ағаш” атты мына үй Лукаш Кос есімді архитектордың туындысы. Бұл баспана көпбалалы отбасының тұруына өте қолайлы болар еді. Бір қызығы, қатты жел соққанда үй қосыла тербеледі. Бірақ, қорқуға еш негіз жоқ. Дизайнер оны құрыштай үзілмейтін арқандармен бекітіп тастаған.
Ауылдық жерде орналасқан үй. Теннесси
Бұл үлкен үй АҚШ-тың Теннесси штатындағы орманды мекен ететін қауымға тиесілі. Құрылыс материалдарының 90 пайызы ағаштан жасалған алып үйдің салынғанына 50 жылдан асып кеткен.
Ергежейлілер лашығы. Ұлыбритания
Мына үш үй, әлемдегі талға жапсарластыра салынған үйлердің арасындағы ең биігі. Электр жарығы жүргізілмегеніне қарамастан, бұл үйлер тұрақты өмір сүруге арналған.
Егер сіз бір кездері құстармен бірге өмір сүргіңіз келген болса, бұл үйлер сол ойыңыз үшін керемет нұсқа болар еді. Құрылыс қараторғайға арналған ұя секілді болғанымен, бұл нақты адамдардың тұруына қолайлы етіп салынған. Үйдің іші әйнек арқылы екіге бөлінген. Осы үйде тұрып адамдар, құстардың күнделікті өмірі қалай өтетінің бақылай алады.
Бенджамин Вердонко құрастырған бұл үй, Бельгиядағы Гент қаласында орналасқан. Сырттай қарағанда аталар мен әжелерді керемет жастық дәуренінен оралтатын мекен секілді көрінеді. Егер, үлкен кісілер оның ауласына, үйдің ішіне бас сұқса тура солай боларына да шүбә жоқ.
Көз қарықтыратын бұл куб мәніндегі үйдің құрылымы тіпті қызық. Оның сыртқы бейнесі әдейі жасырылған іспетті тұрғызылған. Келе жатқан әдем ә дегеннен байқамай қалуы да мүмкін. Есесіне, тұмса табиғаттың қақ ортасында ерте ғасырға өтіп кеткен секілді керемет әсер ала алады.
Бұл үлкен ұя швед орманындағы талдардың арасында орын тепкен. Сыртынан нағыз құстың қарапайым ұясы секілді көрінгенімен, бұл үйдің іші уақытты керемет өткізу үшін заманауи технологиялармен жарақтандырылған.
Талдағы мейрамхана. Жаңа Зеландия
Окленд қаласында салынған талдағы бұл мейрамхана даяшы, аспазды қосқанда 18 қонақты сыйдыра алады. Әрине, сөз жоқ бұл әлемдегі ең бір өзгеше орын.
Бұл керемет ғарыш кемесі мына орманға кездейсоқ қонған сияқты. Ал шын мәнінде бұл үй, соңғы жылдардағы архитектуралық инновациялық жоба болып есептеледі.
Расында сыртқы көрінісі талға кептеліп қалған допты еске түсіреді. Бұл үйге келіп қаланың шулы өмірінен ада болып демалуға тамаша мүмкіндік бар. Таң қалдырар экологиялық таза баспана Уистлер қаласының солтүстігіндегі орманда тұр.
Терунобу Фухимори жобалаған мына үй шие ағаштарының дәл ортасынан салынған. Мұнда әсіресе, көктем айларында келу сіздің демалысыңызды тіпті нәрлендіре түспек.
Үй өз конструкциясына сай бірнеге үйшіктерден құралған. Мұнда Калифорниядағы жер учаскелерінде еңбек ететін фермерлер тұрады. Тиісінше, бұл үй талдың үстіне салынған әлемдегі ең алып үй болып саналады.