Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жасар баланың Аяз Атаға жазған хаты қазақстандықтардың жүрегін тебірентті

Талдықорғандық 11 жасар Рустам Айманов Аяз Атаға арнап хат жазып, онда церебралды сал ауруымен ауыратын інісіне көмек сұраған.

0-116-e1451288252199-610x350

Бұл туралы ерікті Анна Токишева өзінің желідегі парақшасында жариялады.

Хатты Аяз Атаға жіберуге еріктілер Анна мен Ольга көмектескен. Олар қайырымдылық шараларымен 10 жылдан бері айналысып келеді.

“Сәлеметсізбе құрметті Аяз Ата! Менің атым Рустам, жасым 11-де. Менің Ратмир Айманов деген кішкентай інім бар. Оның жасы бір жарымда. Бірақ ол әлі басын көтеріп отыра алмайды. Ол церебралды сал ауруына шалдыққан. Ол өте көңілді әрі жақсы бала. Үнемі менімен ойнайды. Мен інімнің өзінен өзі тұрып, жүріп, басын көтеріп, сөйлей алғанын қалаймын. Оған арнайы тамақ керек. Ол жейтін арнайы тамақ Педиашур деп аталады. Және оған күшті музыкалық ойыншық сыйлағаныңызды қалаймын. Үлкен рахмет! Рустам”, – деп жазған хатта.

15380468_992356767568580_6160563711657878364_n

“Бұл 11 жастағы Рустамның хаты. Ол Аяз Атадан өзі үшін ештеңе сұрамайды. Бірақ, інісі Ратмирге арнайы тамақ пен музыкалық ойыншық әкеліп беруін өтінген. Құрметті біздің Аяз Ата және Ақшақарлар! Рустамның ғажайып тілегін орындауға атсалысайық!”, – деп жазды ол парақшасында.

Бұған дейін 9 жасар қыздың ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа арнап жазған хаты да, бұқараның көңілін елжіреткен еді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын салафиттерге қатысы бар қылмыс әлемінің атышулы серкесі басқарған

Алматыда жезөкшелікпен айналысатын притондар жабылды

Қазақстан жол апатынан қаза табатындар саны бойынша бірінші болып тұр

«Астана-Көкшетау» тас жолында ер адамның ерлікпен ажал құшқаны белгілі болды

Талқылау