Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда жас жұбайлар қыздарының тегін өзгерте алмай әлек болып жүр

Талдықорғандық Александр Кляцко мен Құралай Слямжанқызы бір жылдан астам уақыттан бері қыздарының тегін ауыстыра алмай әлек жүр.

рнтрн

Бұл туралы «Время» басылымы хабарлайды.

“Саша екеуіміз университет кезден бастап жүріп, 2015 жылы отбасын құрдық. Көп ұзамай қызымыз дүниеге келді. Күйеуім оны қазақша Мәриям деп атауды жөн көрді. Жаңа туғандарды тіркейтін журналға оның тегін Александрова деп жаздырған болатынбыз. Талдықорғандағы ХҚКО-ның бізге туу туралы куәлік бермей қойғанына таңқалдым! Мұны өзге ұлт өкілдеріне әкесінің тегі ғана берілетіндігімен түсіндірді. Яғни біздің қызымыз – Мәриям Кляцко. Осымен нүкте қойды. АХАЖ қызметкері Тамара Шыныбекова біздің өтінішімізге құлақ салған да жоқ! ҚР “Неке мен отбасы” туралы кодекстегі 1-тарау 194-бап туралы айта берді. Мұнымен қатар, күйеуімнің ұлтының орыс екенін бетіме басқандай болды”, – дейді Құралай.

Заңға сәйкес, сәбиге екі ай ішінде құжат дайындалуы тиіс. Ерлі-зайыптылар амалсыз қыздарына аталарының тегін берген. Десе де, алдағы уақытта міндетті түрде қыздарының тегін ауыстыратындарын айтып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Қалыңдық ұрланған сақинамен ұсыныс жасаған жігітін соттатып жіберді

Әйел ұлын артық салмағы үшін тірідей өртеп жібермек болған

Қария 70 жасында колледжді бітіріп шықты

Қырғызстаннан “екінші Димаш” шықты (видео)

STAN.KZ
Жексенбі, 09 Шілде, 2017 17:24
Талқылау