Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда өзінің басшысын атып өлтірген подполковник ұсталды

Талдықорғанда өзінің әріптесін атып өлтірген деп күдіктелген әскери қызметкер ұсталды. Бұл туралы ҚР бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жантүршігерлік атыс 31 наурыз күні сағат 8:00 шамасында қаладағы әскери коммиссариат ғимаратында болды.

Оқиға орнында Алматы облысы қорғаныс істері департаментінің басшысын өзінің орынбасары атқан.

“Қызметтік бөлмесінде Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Б.Б.Беристемов атып өлтірілді. Күдікті ретінде оның орынбасары подполковник А.С.Оспанов ұсталды”, — делінген ведомства хабарламасында.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімімен “Кісі өлтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталды.

Бұдан бұрын, Талдықорғандағы әскери коммиссариат ғимаратында атыс болғаны, желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар жарияланғаны туралы хабарланған еді.

Тағы оқыңыз:

Есірткі саудасымен айналысқан студенттердің ата-анасы істі қайта қарауды талап етті

Қарағандыда беларусиялық азамат іздестіріліп жатыр

Талдықорған тұрғыны жеке куәлігімді ХҚКО қызметкері өзгеге беріп жіберген деп айыптап отыр

7 жасар баланың ісі: “Қорқытты” деп айыпталып жатқан Селтановтар жәбірленушілердің сөзін жоққа шығарды

 

Талқылау