Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда кәсіпкермен төбелескен әкім орынбасары қызметінен кетті

Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тұтыбаев қызметінен өз еркінен кету туралы арыз жазған.

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Тұтыбаев қызметтен кету туралы өтінішті 14 қыркүйек күні беріп, оның өтініші 15 қыркүйек күні қанағаттандырылған.

Қазіргі таңда Тұтыбаев мемлекеттік қызметкер емес. Шенеуніктің өзі бұған қатысты түсініктеме берген жоқ.

Еске салсақ, Талдықорған әкімдігінде Асқар Тұтыбаев пен бизнесмен Алмасбек Садырбаев арасында төбелес болған еді. Кейін іс сотқа дейін жетіп, судья Садырбаевты кінәлі деп танып, үкім шығарған болатын.

Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында алаяқ әйел жүзге жуық адамның үстінен несие рәсімдеп тастаған

Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған

Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен

Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр

Талқылау