Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда батырлардың ескерткіші алдында есіре билеген бойжеткен қамауға алынды

Талдықорғанда соғыс батырларының құрметіне арналған Мәңгілік алау мемориалының алдында билеген екі бойжеткеннің бірі қамауға алынды.

Бойжеткеннің бірі кәмілет жасына толмаған. Екіншісі 19 жаста. Талдықорған қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматша М.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

«Сот қыздың қоғамдық орында, нақтырақ айтқанда Талдықорған қаласындағы соғыс батырларының құрметіне арналған Мәңгілік алау мемориалының алдында билегенін, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Сот алдында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді», делінген қалалық соттың таратқан мәліметінде.

Сот шешімі бойынша сәйкес бойжеткен әкімшілік құқық бұзды деп танылып, оған 2 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне қойылған ескерткіш пен алаудың жанында өнер көрсеткен 2 қыздың видеосы желіде тарап кеткен еді. Олардың бұл қылығына желі қолданушылары наразылық білдірді.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда көлік жүргізушісі жүкті келіншекті қағып өлтіріп, қашып кетті

11 жасымда анам қайтыс болды: «Қазақстан аруы» қатысушысының әңгімесі елді жылатты

Елімізде “7-20-25” бағдарламасы бойынша үй алғандар айына қанша ақша төлейді

Қарағандыда таңертеңнен қалың қар жауып, көліктер кептеліп қалды (видео)

Талқылау