Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда жасөспірімді зорлады деп айыпталған жаттықтырушы сотталды

Талдықорғанда Жетісу облысының олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушысына қатысты педофилия ісі бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Сот отырысы жабық өтті. Күдікті 26 жастағы ер адам.

"Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушы өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", – делінген Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.



Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын айтты. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұл факті бойынша тергеу 2023 жылдың желтоқсан айының басында басталған еді. Іс материалдарындағы негізгі айыпталушы 26 жастағы Жетісу аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысшысы. Ол жақында ғана самбодан жаттықтырушы қызметінен босатылған.

Сот мәліметінше, сотталушы бұрын Талдықорған қаласындағы қонақүйлердің бірінде жасөспіріммен бірге болған. Қонақүй әкімшілігі жаттықтырушыдан күдіктеніп, полиция шақырған. Осыған дейін әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болып, жұрттың наразылығын тудырған еді. Содан кейін күдікті қамауға алынып, соттың шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау