Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда жаңа босанған екі әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта екі адамның қайтыс болғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Болған жайтқа қатысты қызметтік тергеу басталды. 

“Жыл басынан бері Жетісу өңірінде "Облыстық перинаталдық орталық" МКК базасында екі рет ана өлімі тіркелді”, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Сонымен қатар туыстарының рұқсатынсыз мәйіттерді сою туралы шағымдарға жауап беретін бөлімше қандай жағдай болмасын ана өлімін анықтау үшін зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді. 

Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы “Патологоанатомиялық диагностикамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" бұйрығының 125-бабына сәйкес патологоанатомиялық ашу кез келген жағдайда ана қайтыс болғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізіледі”, – дейді ведомстводағылар.

Қазір тергеу амалдары мен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медицина қызметкерлерінің кәсіби жарамдығына байланысты мониторинг жүргізеді. 

Талқылау