231 салымшы ақша құйған: Талдықорғанда "Q-net" қаржы пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды
Талдықорған қаласында Қаржы мониторинг агенттік қызметкерлері "Q-net" қаржы пирамидасын құрды деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттік мәліметінше қаржы пирамидасына 2018-2020 жылдар аралығында 231 салымшы ақша құйған.
“Жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталды. Сот күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, – делінген жазбада.
Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Еске салайық, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанның үш қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше адамды ұстаған еді. "MetaGo" жобасы Жезқазған, Алматы және Астана қалаларында жұмыс істеген.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”