Талдықорғанда шипажайда емделіп жатқан балаларға саунада тамақ әзірленген (видео)
Талдықорған қаласында, Қаратал өзенінің бойында орналасқан Күншуақ балалар оңалту орталығы балаларға саунада тамақ әзірлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Аталған ақпаратты "Joni" Жеке кәсіпкерлігінің жеткізушісі мәлімдеген.
Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, компания "Күншуақ" облыстық балаларды оңалту орталығының балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша тендерді ұтып алды. 2023 жылдың соңында олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.
Қазір Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Талдықорғанда.
Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы алматылық оқушылардың демалуға жазғы лагерьге емес, саунаға жіберілгенін хабарлағанбыз. Алматы қаласының прокуратурасы "Сауна ғимаратында балалар лагерін" ұйымдастыру кезінде лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы) және кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау (ҚР ҚК 140-бабы) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізген.