AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда оқушы сабақ үстінде ұстазын балағаттады: Мұғалім полицияға арызданды (видео)

Әлеуметтік желіде 9 сынып оқушысының мұғаліміне дауыс көтеріп, балағаттағаны туралы видео әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Талдықорған қаласындағы М.Горкий атындағы мектепте болған.

11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туған оқушы мұғалімге дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған.

“Қазіргі таңда оқушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды", — деді Білім және ғылым министрлігіндегілер.

 

Айта кетсек, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеті үшін ата-анасының жауапкершілігі қарастырылған. Осы жағдайға байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды.

"Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады", - деп толықтырды министрлік.

Салалық ведомство мұғалімдерге деген мұндай көзқарасқа жол берілмейтінін еске салды. Тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балалармен қоғамда өзін қалай ұстау керектігі туралы әңгіме жүргізуі маңызды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр