Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған коттедждер желден қирап жатыр

Талдықорғанда пайдалануға берілген саяжай үйлерінің сапасына қатысты дау өршіп тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видео қоғамдық резонанc тудырды. Жергілікті блогер жаңа коттедж қалашығындағы желден қабырғасы құлаған үйлердің бірін түсірген. 2020 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлер халықтың әлеуметтік осал топтарына, яғни тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларына берілген. 

"Желден қирап жатыр. 2020 жылы Талдықорғанда кезекте тұрғандарға берілген жаңа үйлердің жағдайы осындай. Коттедж қалашығы. Міне, сыбайлас жемқорлықтың көрінісі. Бетперделері шешілді", - делінген жазбада.

Видео авторы төмен сапалы құрылыс материалдарынан (ДСП, талшық тақтасы және оқшаулау) салынған үйдің жақтауы жоқ екенін айтады.

Суық қыстан аман қалған тұрғындар да пайдаланылған құрылыс материалдарының төмен сапасына шағымданады. Бұл ретте билік коттедж қалашығының құрылысына бірнеше миллиард теңге бөлді. Үйлердің әрқайсысы 15-16 миллион теңгеге бағаланған.

Талдықорған әкімдігі жағдайға түсініктеме берді. Ведомство құрылыс компаниясына кемшіліктерді түзету туралы хабарлама жіберген.

"Мердігер ҚНжЕ-нің барлық кемшіліктерін, ақаулары мен бұзушылықтарын өз есебінен түзетеді және жасайды! Бақытымызға орай, екі жылдық кепілдік мерзімі бар. Бұл әлемдік тәжірибе, құрылыста да қатесіз болмайды - 432 коттедждің тек 5 коттеджінде ғана ақау бар", - деп түсіндірді Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.

Құрылыста қандай материал қолданылғаны әлі белгісіз. Сондай-ақ тұрғындарды саяжай үйлері келесі қысқа және аймақта үйреншікті қатал континентальды климатқа шыдай ма деген ой мазалайды.

Айта кетейік, 620 коттедж құрылысына мемлекеттік бюджеттен 8,1 миллиард теңге бөлінген.

Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 04 Мамыр, 2021 17:22
Талқылау