Талдықорғанда ер адам мысықты ағашқа лақтырып, қатыгездікпен тепкіледі (видео)
Талдықорғанда жануарға қатыгездік көрсеткен ер адамның бейнесі әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам кіреберістен қолына мысықты ұстап шығып, жануарды ағашқа лақтырған. Содан кейін қайта оралады да, мысықты тепкілеп, күшпен басады. Талдықорғандық онымен қоймай, оны жолға лақтырды да, оны басқа жерге алып кетті.
Зооқорғаушылар марғауды тауып, Алматыдағы ветеринарлық клиникаға жеткізді. Еріктілердің айтуынша, мысықтың жағдайы ауыр.
Енді еріктілер бейнежазба кейіпкерін тауып, жазалауды сұрайды. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"