Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда екі адамды аса қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды

Талдықорғанда екі адамды аса қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/zhetysu.police

Жетісу облыстық полиция департаменті күдікті туралы ақпарат пен фотосуретін жариялады.

"Жетісу облысының полицейлері 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіруде. Ер адам ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Талдықорған қаласында тіркелген аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру) жасады деген күдікке ілінді", - делінген полиция хабарламасында. 

Ерекшеліктері: мойынның сол жағында “сарышаян" түріндегі татуировкасы бар, бір саусағы жоқ.

"Іздеудегі адамның қайда екені туралы мәлімет білетін кез келген адамнан (8-7282) 60-80-66 немесе "102” телефондары арқылы дереу полицияға хабарласуын сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Талқылау