Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда балта ұстаған ер азамат автобусқа шабуыл жасады

Талдықорған қаласында балтамен қаруланған ер азамат жолаушылар автобусына шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: taldykorganec_ka Instagram парақшасынан
Оқиға 6 желтоқсан күні сағат 7:00 шамасында Еркін ауылынан қалаға бет алған автобуста орын алған. Балта ұстанған бұзақы №26 мектеп жанындағы аялдамадағыавтобустың терезесін шағып тастаған. Абырой болғанда ешкім жарақат алмапты. 

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ер  азамат екі күннен соң қолға түскен. Оқиғаға бірнеше адам куә болыпты. 

"Оқиғаға байланысты суреттер әлеуметтік желіліерде тарап кеткендіктен, тәртіп сақшыларына тұрғындарды тыныштандыруына тура келді. Аталған оқиға бойынша іс қозғалды. 49 жастағы ер азамат қолға түсті, оның психикалық ауытқушылықтарға ұшырағандығы анықталды. Балта табылып, заттай дәйек ретінде тәркіленді", - деп мәлімдеді Алматы облысының ПД-нің баспасөз-қызметі. 

Бұған қоса баспсөз-қызметі ер азаматтың жергілікті психоневрологиялық диспансерге жабылғандығы айтылды. 

 

Талқылау