Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып жіберген (видео)
Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан скриншот
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап қызу талқыға түскен. Кадрлардан тәрбиешінің балалардың жанына келгенін көруге болады. Кейін бүлдіршіндерінің бірінің басынан ұрып жіберген.
Жетісу облыстық прокуратурасы аталған дерекке қатысты тескеріс бастаған.
"Бұл дерек бойынша Талдықорған қаласы полиция басқармасына нұсқау берілді. Осы факті облыс прокуратурасының бақылауында", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мектеп пен балабақшаларда асхана мәзірін жаңарту ұсынылғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"