Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда 70 маршруттық автобустың жүргіушілері бас көтерді

Талдықорғанда наразылық белгісі ретінде 71 маршруттық автобустың жүргізушілері жұмысқа шықпады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ақ Нар А" және "Жан-Ел" кәсіпорындарының жүргізушілері наразылық білдіріп, жалақы төлеуді талап етті. Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода жүргізушілердің бірі ереуілшілердің проблемалары мен талаптарын айтады.

"Біздің проблемамыз -  төрт ай бойы жалақы алмадық. Алты айдан бері зейнетақы да, медициналық сақтандыру да аударылмайды. Сегізінші сәуірде біз жігіттермен бірге қалалық әкімдікке шағыммен бардық, бірақ олар бізге қазір карантин екенін айтты. Біздің жағдайымыз өте аянышты. Барлығымыздың отбасымыз бар, несиелері мен қарыздары да бар. Бірнеше айдан бері бізге жалақы төленбегеніне қарамастан, біз кешегі күнге дейін өз жұмысымызды адал орындадық", - деді наразылық білдірушілердің бірі.

Автобус кәсіпорындарындағы жағдай туралы қалалық әкімдікте хабарлады.

"Бүгін жұмысқа 11 маршрут бағытында қызмет көрсететін 71 автобус шықпады. Біз қазір "Ақ Нар А" және "Жан-Ел" кәсіпорындарының жүргізушілер алдында неліктен осындай берешек пайда болғанын анықтап жатырмыз. Өйткені әкімдік кәсіпорындарды қаржылық қолдау мақсатында тоқсан сайын, уақытылы қоғамдық жолаушылар көлігінде көп балалы аналарды тасымалдау бойынша көлік қызметтері үшін ақы төлеуді жүзеге асырады. Көп балалы отбасыларды тасымалдау үшін екі тоқсан үшін төлем толық көлемде жүзеге асырылды", - деп атап өтті қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.

Сондай-ақ, ол Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы, Талдықорған прокуратурасы өкілдерінің және "Ақ Нар А" және "Жан Ел"ЖШС басшыларының қатысуымен кеңес өткізілгенін атап өтті. Оның қорытындысы бойынша кәсіпорындардың қызметіне тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, бұл Талдықорғанда тасымалдаушылардың ішкі проблемасына байланысты қала тұрғындары қалада автобустардың болмауына тап болған алғашқы жағдай емес.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр