Талдықорғанда көліктерді заңсыз тіркеген топтың 21 мүшесі сотталды

Талдықорғанда бірнеше жыл бойы елге кіретін жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан бұрынғы арнайы ХҚКО қызметкерлері мен Алматы облысы мен Жетісу аймағы әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері сот алдында жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері деп танылған арнайы ХҚКО қызметкерлері мен Алматы облысы мен Жетісу аймағы әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері бірнеше жыл бойы елге кіретін жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысып, жалпы ақпараттық жүйеге алғашқы тіркеу салығының төленгені туралы жалған деректер енгізген. Салдарынан заңсыз тіркелген көліктер саны 1385-ке жеткен. Мемлекетке келтірілген шығын 9 миллиард теңгеден асты.
Қылмыстық істі қарау төрт айға созылып, іс материалдары 270 том болды.
“Қарасай ауданында келтірілген жалпы шығын – 5 миллиард 600 миллион теңге, ал Жетісу облысы, Сарқан ауданында – 3 миллиард 787 миллион теңге”, – деді Жетісу облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов.
- Шымкентте заңсыз жүргізуші куәлігін сатқан ХҚКО-ның 15 қызметкеріне сот үкімі шықты
- Денсаулық сақтау басқармасы Шымкенттегі изоляторда ХҚКО экс-басшысы не себепті қайтыс болғанын түсіндірді
Сотталушыларға 2 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, олар оны апелляцияға бере алады.
Бұған дейін, Шымкентте 500 адамға жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясының №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері ұсталған еді. Іс бойынша 15 адам күдікті деп танылып, тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды