Талдықорғанда 1 жыл бұрын орнатылған "Сергек" камералары әлі жұмыс істемей тұр
Жетісу облысының орталығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пилоттық режимде орнатылған аты шулы "Сергек" камералары әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Сергек" камералары қаланың 5 көшесінде орнатылған. Бір жыл бұрын орнатылған құрылғы істен шыққаны туралы қала әкімдігі ресми түрде хабарлады. Оның басты себебі: техникалық қызмет көрсету сомасының тым үлкен болуы.
"Қала бойынша 5 учаскеде "Сергек" камералары орнатылды. Биылғы жылға Сергек камераларын орнатуға бюджеттен 487 миллион теңге бөлінді, сонымен қатар оның техникалық қызмет көрсету құны 600 миллион теңені құрады. Бұл өз кезегінде Талдықорған қаласының бюджетіне жүктеме әкеледі" - дейді қала әкімінің баспасөз қызметі.
Ал орнатылып қойған камералар енді қала көшелерінен алынуы тиіс. Бюджеттік қаржыны 2022 жылы тиімсіз пайдаланған әкімдіктің қызметкерлері қалай жазаланаты әзірге белгісіз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”