Талдықорған тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды
Талдықорғанда 20 жастағы жігіт көлігінде кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз 29 тамызда Талдықорған полициясына келіп түсті. Аталған дере бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) және 121-бабының 3-1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) қылмыстық іс тіркелген. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.
Зорлау Тоyota Camry автокөлігінің салонында жасалғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.
Күдікті ретінде қалалық полиция қызметкерлері 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн