Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған-Өскемен жолының салынып жатқанына 5 жылдан асты: Жөндеудің аяқталу мерзімі белгілі болды

Талдықорғаннан Өскеменге баратын республикалық маңызы бар жол жақында қолданысқа берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Көлік министрлігі

Жөндеу жұмысы 2019 жылы басталған “Талдықорған-Қалбатау-Өскемен” жолы мемлекет басшысының назарында.

Жол еліміздің үш өңірі – Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады.

Жолдың жөндеу барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді.

“768 шақырым жолға толығымен асфальт төселді. Мамандар 40 көпір мен 6 өткел жөндеу жұмысын аяқтады. Бірқатар учаске биыл жазда пайдалануға беріледі. Жоба аясында Қойлық, Балапан, Шынқожа елді мекендері мен Аягөз қаласының айналма
жолдары салынды”, – делінген хабарламада.

Жолдың салынып жатқанына 5 жылдан асты.

Жолдың 16 учаскесінде 1 мыңға жуық маман мен 600 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Үшарал қаласының маңындағы көлік айрығындағы жөндеу аяқталуға жақын.

Жалпы нысан 2024 жылдың соңында дайын болып, халыққа беріледі деген жоспар бар.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 25 Маусым, 2024 13:20
Талқылау