Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған қаласында карантиндік шаралар күшейтілді

Талдықорған қаласының бас санитар дәрігер шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорған каласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешіміне сәйкес 2021 жылғы 15 қаңтар 00:00-ден 2021 жылғы 29 кантар сағат 07:00-ге дейін Талдықорған каласының аумағында карантин режимі және мынадай шектеу шаралары енгізіледі: 

  •  медициналық, полиция, өртке қарсы кызмет, авариялық-құткару және өзге де коммуналдық қызмет (жылумен, сумен, ЖЖМ, АЖҚБ, ЖҚБ, байланыс, коммуникация, инкассация қызметі, қаттрмыстық қалдықтарды шығару, дезинфекциялау, көп қабатты тұрғын үйлерге сантехникалық кызмет көрсету) қызметкерлерін қоспағанда, Талдықорған қаласының аумағындағы меншік нысанына қарамайтын ұйымдардың барлық кеңсе қызметкерлерін (қызметкерлер саны 15 және одан көп адам болатын ұйымдар кызметкерлерінің кемінде 80%) қашықтан жұмысқа ауыстыру;
  • екінші деңгейдегі банктердің, почта бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын алдын ала жазылу, электрондық кезек, халықтың көп жиналуын болдырмау және кемінде 2 метр алеуметтік қашықтықты, күшейтілген санитариялық-дезинфекшинлық режимді сақтау миқсатында басқа да шараларды ұйымдастыру;
  •  ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу, сондай-ақ жалпай корпоративтік және басқа да іс-шараларды өткізу үшін жеке меншік үйлер мен құрылыстарды жалға алуға тыйым салу;
  • бетпе-бет ремимде кеңестер (отырыстар, семинарлар, форумдар,тренингтер, конференциялар) өткізуге тыйым салу;
  • техникалық және кәсіптік, орта, жоғары білім беру мектептері менұйымдарында қашықтықтан оқыту форматында онлайн-оқытуды ұзарту.

Сонымен қатар қала әкімі, ауылдық округтер әкімдері, Талдықорған каласынын басқармасы, мемлекеттік чен кәсіпорындар, касіпкерлік субьектілері және өзге де заңды және жеке тұлғалар демалыс күндері кызметін тоқтата тұруды қамтамасыз етуі керек:

  •  қоғамдық көлік (козвилыс кестесін айқындай отырып, сағат 06:00-ден10:00-ге дейін, сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін);
  • қоғамдық тамақтану объектілеріне дайын тағамдарды тек сағат 09:00- ден 00:00-ге дейін алып шығуга және тұтынушыға дейін жеткізуте рұқсат етілсін;
  • сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (орталықтары), сауда желілері, олардағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда;
  • азық-түлік өнімдерін сатуды қоспағанда, сатылатын ассортиментке қарамастан барлық сауда базарлары/дүкендер:
  • барлық мәдениет объектілері (театрлар, мұражайлар, көрмелер және т.
  •  кинотеотрлар;
  • СПА-орталықтар, тренажер залдары, спорт нысандары, фитнес-орталықтар, бассейндер, қоғамдық моншанир, сауналар; қысқы туризм және ашық ауада демалу объектілері (мұз айдындары, шана-баллонды және т. б.

Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Қаңтар, 2021 07:34
Талқылау