Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орнынан алып тастау қиын жұмыс емес": Талдықорған әкімінің жиындағы сөзі желіде қызу талқылануда 

Жетісу облысы орталығының жаңа әкімі Ернат Бәзілдің жиында қызметкерлерге қатысты айтылған сөздері желіде қызу талқылануда. Тұрғындар мен мамандар қала басшысын сынға алуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Жиындардың бірінде эмоцияға берілген қала басшысы өзінің қол астында қызмет етпейтін әріптестерін жұмыстарынан босата алатынына күші жеткілікті екенін жеткізді. Бұл бейнежазба Талдықорған қаласы тұрғындарының ашуын келтірді. 

"Қалалық полиция бөлімі, төтенше жағдай басқармасы, СЭС басшысы болсын, орнынан алып тастап қиын жұмыс емес. Сондақтанда өз қызметтеріңізді толыққанды атқарыңыздар" - деді бейнежазбада қала басшысы.

"Бұл 90-жылға түсіп кеткен әкім бе? Бұл не сұмдық, қызметте жүрген адам олай сөйлесуі дұрыс емес. Этика қайда? Қашаннан бері қала әкімі СЭС, полиция, төтенше жағдай басқармасының басшыларын ауыстыра алатын болған, олар облысқа тікелей бағынатын мекемелер ғой", - деп жазуда қала тұрғындары. 

Шілде айында облыс орталығының тізгінін ұстаған Ернат Бәзіл әкімдік қызметін бастай салып, орталықтағы жабайы сауданы жөнге салуды жөн көрді. Алайда бірнеше көше бойын түбегейлі жаулап алған сауда­герлердің заңсыз, жа­байы сауда-саттығына тосқауыл қойып, ретке кел­тіру әзірге қала әкімінің қолынан келмей тұр. Сол себепті жиын барысында әріптестерінің жұмысына көңілі толмаған Ернат Бәзіл осылай деп ультиматум қойды.  

Талқылау