Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талай әншіні танымал еткен Баян Есентаеваның өзі қалай ән айтады? (видео)

Атын естігеннен-ақ ел шуылдай бастайтын бұл продюсер талай қыздың жұлдызын жақты. Жеке өмірі үшін Есентаеваны сынға алса да, жұрт оның “ұясынан” шыққан – Мөлдір Әуелбекова, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова және Ерке Есмахан сынды әншілердің талантын мойындайды, деп жазады Stan.kz.

Баян Есентаева ан айтты

Талай әншіден жұлдыз жасаған продюсердің өзі де жас кезінде ән айтқан. Бірақ ол талпынысы сәтсіз шыққан ұқсайды. Бұған дейін Мақсатқызының өзі 20 жасында ән айтқан видеосын жариялап: “Неге ән айттың, Баян?” – деп өзін сынға алған болатын. Соған қарап, продюсер өзінің ән айта алмайтынын мойындапты десті жұрт.

Алайда Stan.kz оқырманынан келген мына видео продюсердің әнге қабілеті бар екенін көрсетті. Видеода Баян Есентаева караокелердің бірінде ән айтуда. Бұл жерден Баянның орыс тіліндегі әнді тәп-тәуір шырқап отырғанын аңғаруға болады.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар Мьянмада қырылған мұсылмандарға қайғырып, көңіл айтты

Динара Сұлтан алғаш рет өзінен 17 жас үлкен күйеуі жайлы айтты (фото)

Жазира Байырбекова: 3-4 жыл қыз ұзатып, бірнеше бизнес ашып алдым

Қайрат Нұртастың жұбайымен билеген видеосы желіні “жарды” (видео)

Талқылау