Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талаптар қатаңдатылды: Тағы да үш шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды

ПТР сертификаты жоқ үш шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы көлік жөніндегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабулов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресей, Өзбекстан және Арменияның депортацияланған азаматтары Қазақстанға 19 қазанға қараған түні келгені туралы хабарланды. Олардың өздерімен бірге COVID-19-ды анықтайтын экспресс-тестілеуден өткендігі туралы анықтамалары болмаған.

Сол түні жалпы есепте 10 халықаралық Алматы, Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларына келіп қонған. Олардың қатарында Қазақстанның 1136 азаматы бар. Жолаушылардың 938-і ПТР тестілеудің нәижесімен келсе, 198 адам сертификатсыз.

Сертификатсыз келген Қазақстан азаматтары ПТР анализі үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларындағы карантиндік ауруханаларға орналастырылды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 19 Қазан, 2020 09:32
Талқылау